16.08.2021, 09:08
Оқиғалар
Семейде өрт кезінде 18 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан секіріп кетті
Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр
Фотог: ашық дереккөзден
Семейде 18 жастағы қыз өрт шыққан тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Алтайньюс.
Өрт кеше түстен кейін қала орталығында 9-қабатта орналасқан пәтердің балконынан шықты. Өрт сөндірушілер келгенде тұрғын үйден қою қара түтін шығып жатқан.
Қалалық ТЖ басқармасының мәліметінше, пәтерде 2003 жылы туған қыз болған. Ол ата-анасы есікті сыртынан жауып кеткендіктен үйден шыға алмаған.
Құтқарушылар қызды эвакуациялау үшін автосатыны ашқанын хабарлады. Алайда ол қорыққанынан тоғызыншы қабаттың балконынан секіріп кеткен.
Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен қызды шұғыл ауруханаға жеткізді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 16:58
«Қуанып отыр»: Олжас Абай анасының Бадықованы келін ретінде қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды