$ 514.5  582.67  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.08.2021, 09:25
Оқиғалар

Павлодар облысында екі велосипедшіні көлік қағып, біреуі мерт болды

Полиция жол-көлік оқиғалары бойынша тексеру жүргізуде

Павлодар облысында екі велосипедшіні көлік қағып, біреуі мерт болды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында екі велосипедшіні көлік қағып кетті, біреуі қайтыс болды,  деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«7 тамыз күні сағат 15:10-да Ақсу - Беловка автожолында, "Ягодка" бау-бақшасының жанында "Фольксваген гольф" автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі 61 жастағы велосипедшіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. СМЭ тағайындалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сол күні сағат 16:00-де Павлодар қаласында Қамзин көшесіндегі 292 үйдің жанында "Хундай туаксон" автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты таңдамай, 29 жастағы велосипедшіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік айып тұрағына қойылды. 

Полиция жол-көлік оқиғалары бойынша тексеру жүргізуде.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 278 ЖКО тіркелген, салдарынан 20 адам қаза тауып, 410 адам жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары