$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.08.2021, 17:38
Оқиғалар

Жұрттың көзінше әйелін ұрған Павлодар тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды

Әлеуметтік желілерде № 3 емханада әйелге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат жарияланды

Жұрттың көзінше әйелін ұрған Павлодар тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды
Фотог: ашық дереккөзден

Жұрттың көзінше әйелін ұрған Павлодар тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Жан айқайыммен бөліскім келеді. Бүгін таңертең 06.08.21 жылы №3 емханада ер адам әйелге шабуыл жасады, жәбірленушінің бұрынғы күйеуі болуы да мүмкін. Ол күшпен анасынан айырылмай тұрған баланы тартып алды. Біздің айқайымыздан кейін ғана баланы босатып, әйелді бар күшімен бетінен ұрды!!! Бұл не деген масқара!» - деп жазады желі қолданушылары.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт Павлодардың Солтүстік полиция бөлімінде тіркелген.

«Ер адам ажырасу процесіне байланысты жанжал шығарып, әйелін ұрғаны анықталды. Алайда әйел арыз жазудан бас тартты. Дегенмен оның бас тартқанына қарамастан, полиция ер адамға қатысты қоғамдық орында жасалған бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады», - деп түсіндірді ведомствода.

Серіктес жаңалықтары