ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

Нәрестенің қолы көгеріп кетті: Ақтауда жас ана медбикелерді жұмыстағы салғырттығы үшін айыптады

Сегіз айлық баланың анасы медбикелерді жауапқа тартуды сұрап отыр

скриншот: lada.kz

Ақтауда сегіз айлық баланың ата-анасы облыстық балалар ауруханасының медбикелерін жұмыста немқұрайлылық танытты үшін айыптайды, деп хабарлайды Lada.kz.

Нәрестенің анасының айтуынша, 26-шағын ауданда орналасқан облыстық балалар ауруханасының медбикелері суретте көрсетілгендей, 8 айлық баланың қолын қалай болса солай таңған. Салдарынан баланың қолы көгеріп, қанай бастаған. Баланың қолы күйіп қалған соң, 3 тамызда олар ауруханаға екінші рет таңу үшін келіпті.

«Екі медбике ұлымның сол қолын таңып, байлап берді. Мені процедуралық кабинетке кіргізбеді. Одан кейін біз үйге кеттік. Ауруханадан шыққан кезде, ұлымның қолы аздап қанай бастады. Мен жаңа ғана таңылғандықтан қанаған шығар деп ойладым. Ұйықтар алдында ұлымның қолын қайта таңайын деп едім, байламды оңайлықпен шешу мүмкін болмады. Баламның қолы көгеріп кеткен және қанаған екен. Мен қатты қорқып кеттім. Медбикелер жасап берген таңғыштың салдарынан баламның қолы осындай күйге жетті: көгеріп, қанап, ісіп кеткен», - дейді ана.

Жас ананың айтуынша, келесі күні таңертең ол аймақтық Денсаулық сақтау басқармасына шағымданған.

«Басқармада бізді тыңдады, содан кейін біз 26-шағын аудандағы балалар ауруханасына бірге бардық. Сол жерде біз баламның қолын түсіріп алған фотосуреттер мен видеоларды көрсеттік. Таңуға дейін баламның қолы жақсы күйде еді. Бірақ аурухананың травматологы медбикелері үшін кешірім сұраудың орнына өзімізді айыптады. Баланы дұрыс қарамай, күйдірдіңдер деді. Өз медбикелерін қорғап, таңғышты талаптарға сай байлап бергенін дәлелдеп бақты. Менің ойымша, олар өз жұмысын немқұрайлы орындады. Баланың қолынан айырылып қала жаздағанын түсінбейді», – деп шағымданды баланың анасы.

Енді жас ана аймақтың Денсаулық сақтау басқармасына арыз жазып, медбикелерді жауапқа тартуды сұрап отыр. Оның пікірінше, мұндай медициналық қызметкерлер балалар үшін қауіпті.