ШұғылӨткен тәулікте 3000-ға жуық адамнан КВИ анықталды

Петропавлда кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды

көрнекі фото

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде кішкентай қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен Петропавл тұрғынын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Ер адам қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағы («Кішкентай балаға қатысты секусалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Еске салсақ, Петропавл қаласында осы апта ішінде екі зорлау дерегі тіркелді. Екі жағдайда да күдіктілер «ізін суытпай» ұсталды.

Оқи отырыңыз: Петропавлда түрмеден шыққан педофил тағы бір кішкентай қызды зорлады

Қазір істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Тергеу барысы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мен облыстық прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.