ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 870 мыңнан асты

Чехияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, екі адам қаза тапты

Бұдан бөлек 38 жолаушы жарақат алып, бір адам іздестірілуде

Чехияның оңтүстік-батысындағы Домажлице қаласының маңында екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 50-ге жуық адам зардап шекті. Бұл туралы елдің Индустрия және сауда министрлігінің басшысы Карел Гавличек мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Карел Гавличектің айтуынша, машинистің бірі семафордың қызыл сигналына тоқтамай өтіп кеткен. Оқиға орнында жедел қызмет мамандары жұмыс істеуде.

Өрт сөндіру бөлімінің өкілі Ярослав Грдличканың айтқан мәліметтері бойынша, Мюнхен— Прага бағытымен келе жатқан Ex 351 экспресс пойызы мен Домажлицеге қарай келе жатқан RegioShark жолаушылар құрамы соқтығысқан.

Оқиға орнына үш медициналық тікұшақ, сондай-ақ полиция әуе кемесі тартылды.

Өрт сөндіру бөлімінің маманы Петр Понцардың айтуынша, оқыс жағдайдан екі адам көз жұмды. 38 жолаушы жарақат алып, олардың жетеуінің жағдайы ауыр халде. Сондай-ақ, бір адам іздестірілуде.