04.08.2021, 14:23
Оқиғалар
Оралда 30 адамды «жұмысқа орналастырамын» деп алдап кеткен әйел ұсталды
Күдікті әйелдің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Оралда 30 адамды «жұмысқа орналастырамын» деп алдап кеткен әйел қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оралда жұқпалы аурулар ауруханасында санитарлық жұмыс орындарын ұсынып, жұмысқа орналастырамын деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды. Бұл қызметі үшін ол әр адамнан 150-ден 400 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Тіпті, жұмысқа кіру үшін адамдар несие алып та ақша берген.
Жұртты алдаған 30 жастағы әйелдің басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталып жатыр. Оның әзірге 30 дерекке қатысы бар екені анықталды.
Алаяқтық жасағаны үшін күдікті әйелдің үстінен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды