$ 494.95  525.49  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.08.2021, 10:33
Оқиғалар

Іле Алатауына шыққан ресейлік туристің жағдайы күрт нашарлаған

Зардап шеккен адамды зембілмен тасымалдау мүмкіндігі болмаған

Іле Алатауына шыққан ресейлік туристің жағдайы күрт нашарлаған
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

3 тамыз сағат 22:10-да Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Ресейден келген туристер тобына құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы ақпарат келіп түскен. Олардың жалпы саны 15 адам. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Туристер Советтер шыңына көтерілген. Шыңды бағындыру кезінде олардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған. Алайда топ ішінде дәрігер болғандықтан, ол науқастанған туристің өт қабында тас болуы мүмкін екенін айтқан.

Репсубликалық жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы мен кинологиялық топ дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты.

4 тамызда туристер Советтер шыңының асуынан (теңіз деңгейінен 3700 метр биіктікте) табылды. Жағдайы нашарлаған бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бұл аймақтағы таулы жер таяз және тік жартасты шөгінділерден тұратындықтан, зардап шеккен адамды зембілмен тасымалдауға келмейді. Себебі тасымалдау кезінде қыздың жағдайы одан әрі нашарлауы мүмкін болды. Алматы қаласының құтқару қызметі әуе бортын ұсынды.

Айта кету керек, бұл топ 29 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағында тіркелгендіктен құтқарушылар туристердің маршрутын білген. Бұл іздеу уақытын қысқартуға көмектесті.

Қазір құтқарушылар әуе кемесін күтуде. Әуе кемесінің көмегімен құтқарушылар зардап шеккен адамды Үлкен Алматы шатқалындағы тікұшақ алаңында күтіп тұрған Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне дейін жеткізеді.

Серіктес жаңалықтары