02.08.2021, 11:39
Оқиғалар
Маңғыстауда мұнай компаниясының қызметкерлері жалақысын 70%-ға көтеруді талап етіп отыр
«Емір-Ойл» қызметкерлері Тоқаевқа үндеу жолдады
Маңғыстау облысында «Емір-Ойл» ЖШС қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етуде, деп хабарлады Lada.kz.
«Бағаның өсуінен біздің жағдайымыз нашарлады, соған байланысты жалақымызды 70%-ға көтеруді талап етеміз. Біз талаптарымызды 1 шілдеде де айтқан едік, бірақ бізге тек 10% көтеретінін жеткізді. Облыстық әкімдік бізге тіпті жауап берген жоқ. Біздің жалақымызды 70%-ға дейін көтеру туралы талабымыздың қанағаттандырылатына сенімдіміз», - деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған мұнайшылар.
Еске салайыө, Маңғыстау облысында мұнай-газ саласындағы компания қызметкерлері мен мұнайшылар осымен бірнеше рет жалақысының өсуін, еңбек жағдайының жақсаруын талап етті.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді