$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2021, 03:23
Оқиғалар

Шымкентте енесі мен келіні коронавирустан бір күнде қайтыс болды

Дәрігерлер келіншектің баласын аман алып қалды

Шымкентте енесі мен келіні коронавирустан бір күнде қайтыс болды

Шымкентте күні кеше бір үйдің келіні мен енесі коронавирустан көз жұмды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың сөзінше, егде жастағы әжей той-томалаққа барып індет жұқтырған екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Отырар» телеарнасына сілтеме жасап.

Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталыпты. Емханаға екеуі де қиын жағдайда түскен дейді қаланың бас дәрігері. Ақ халаттылар келіншектің баласын аман алып қалды.

«Енесі той-томалаққа барып ауру жұқтырады да, ауруханаға түседі. Сөйтіп, ауруханаға түседі,  артынша ауру жұқтырғаннан кейін аяғы ауыр келіні болады. Ол да ауруханаға түседі. Келіні вакцина салмаған, енесі де вакцина салмаған. Екеуі 1 күнде қайтыс болады. Баласын аман алып қалдық», - деді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Айта кетсек, өткен тәулікте Шымкентте 18 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Мамандар індеттен көз жұмғандардың тәжівирусын той-томалақтан жұқтырғанын айтады.

 
Серіктес жаңалықтары