Ақтөбеде 23 жастағы жігіт өз сүйіктісін өлтіргенін мойындады
Сот-медициналық сараптамасы көрсеткендей, бойжеткен механикалық асфиксиядан көз жұмған
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 22 жастағы ақтөбелік қыздың өлімі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, Әсем Эльбрусованың өліміне оның сүйіктісі Бақыт Орынбасаров кінәлі деген айып тағылуда. Олар 2018 жылы танысқан, ал 2019 жылдың тамызында жігіт сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған.
«2019 жылдың 10 тамызында Бақыт Орынбасаров сүйіктісі Әсем Эльбрусованы жалдамалы пәтерге шақырған. Ұрыс кезінде ол қызды қолымен тұншықтырған. Сот-медициналық сараптамасы көрсеткендей, бойжеткен механикалық асфиксиядан көз жұмған», - деді мемлекеттік айыптаушы Нұржан Әбләкімов.
Сотталушы кінәсін мойындады және 2019 жылдың 11 тамызында қамауға алынды.
Қаза табушының туыстарының айтуынша, Әсем биыл жоғары оқу орнын «психология» мамандығы бойынша бітірген, тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрген.