ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 44 қазақстандық қайтыс болды

Ақтөбеде ресейлік көліктерді ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

Ақтөбе қаласы бойынша бір мезетте 10-нан астам ресейлік маркалы көлік ұрланған

Фото: avtovzglyad.ru

Ақтөбеде «ВАЗ-2114», «ВАЗ-2115» көліктерін ұрлап, Орал қаласында сатумен айналысқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе қаласы бойынша бір мезетте 10-нан астам ресейлік маркалы көлік ұрланған. Осы жылдың қыркүйек және қазан айларында көлік иелері полицияға жиі шағым түсірген.

«Жедел іздестіру кезінде ұрланған көліктің бірі Орал қаласынан табылды. Кейін одан көлік сатып алып жүрген Орал қаласының тұрғыны ұсталды. Ізінше Ақтөбе қаласында ұрланған көлікті сатып алып, оны жөнелтіп отырған адам да анықталды. Ұрлық жасап жүргендер мен көліктерді табу қиынға соқты. Себебі, құжаттар көлік ішінде қалып, қайта-қайта сатылған. Екі адам көлікті айдап кетіп, екеуі сатып алумен, сатумен айналысқан. Бәрі де Қазақстан азаматы», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ұрланған 6 көлік табылды. Тергеу жалғасып жатыр.

 

Дереккөз: ҚазАқпарат