Қарағанды тұрғыны өзінің қызы мен бұрынғы әйелін ұрлап кеткен
Ол күш көрсету арқылы қызы мен экс-жұбайын көлікке салып, алып қашқан
Қарағанды полицейлері бұрынғы жұбайының тұтқынында қалған әйел мен кішкентай қызды босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысының Балқаш полиция бөліміне 67 жастағы қала тұрғыны арызданып келген. Ол жұмыстан кейін қызы мен немересінің балабақшадан оралмағанын хабарлаған.
«Полицияда тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылып, қаладан шығу жолдары жабылды. Іздеу барысында оқиғаның әрі қарай қалай өрбігені жөнінде бірнеше нұсқа назарға алынды. Соның негізгісі: балабақша қызметкерлері мен куәгерлердің айтуының негізінде, өтініш берушінің бұрынғы күйеу баласы экс-жұбайы мен қызын мәжбүрлеп көлікке отырғызып алып кетті деген нұсқа. Сондай-ақ, күдікті жәбірленушілерді Қарағанды қаласына алып барғаны болжанды. Себебі, оның облыс орталығында тұратыны белгілі болды.
Бұрынғы жұбайынан ажырасқаннан кейін әйел Балқаш қаласына ата-анасының үйіне оралған. Бұл туралы дереу телефон арқылы облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдеріне хабарланды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қарағандының жеке үйлерінің бірінен баласы бар ұрланған әйелді тапты. Сондай-ақ, олар шабуылдаушыны ұстады, ол бірнеше минут бұрын ғана экс-әйелін баласымен бірге үйіне алып келгені анықталды.
Ұсталған адам мұндай қадамға баланы жиі көргісі келетіндіктен барғанын түсіндірді», - делінген хабарламада.
ҚР ҚК «Бас бостандығынан заңсыз айыру» 126-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.