Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы Екібастұз-Солнечный кенті автожолының 22 шақырымында болған
Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"19 шілде күні сағат 00.30-да Екібастұздың 32 жастағы тұрғыны "Ауди-80" автокөлігімен кюветке аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды. 33 жастағы жолаушы жарақатымен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді. Тексеру жүргізіліп, сараптама тағайындалды", - деді облыстық полиция департаментінде.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1988 жылы туған ер адамда биологиялық өлім тіркелген. Ал 1987 жылы туған әйелге "қаңқа-бас сүйек жарақаты, бастың бір бөлігінің скальпирленген жарақаты, сол қолдың сыртқы бетінің көгерген жарасы" диагнозы қойылған. Ол Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды.