20.12.2019, 11:20
Оқиғалар
Алматыда ірі жол апатынан 3 әйел қайтыс болды
Оқиға Боралдай тас жолында Водник ауылына жақын жерде болған
Алматыда жеңіл автокөлік автобуспен соқтығысып, үш адам қайтыс болды деп хабарлайды СТВ телеарнасы.
Куәгерлердің айтуынша, Renault автокөлігі тас жолмен батыс бағытта қозғалып келе жатқан. Алайда, Трудовик елдімекеніне жақындаған сәтте оның дөңгелектері тайып, жолдың қарсы бағытына шығып кетіпті. Осы сәтте шығыс бағытта келе жатқан №15 автобус жеңіл автокөліктің бүйірінен соғып, жолдың шетіне қарай аударып жіберген.
Жол апаты салдарынан жеңіл авокөлікте болған үш жолаушы қайтыс болды. Олар 1960, 1978 және 1988 жылы туған әйел адамдар. Тағы бір жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)