ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Семейде ер адам ірі көлемде есірткі зат сатып тұрған жерінен ұсталды

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде

Семейде ер адам есірткі зат сатып тұрған жерінен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Осы жылдың маусым айының басында “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында семейлік полицейлерге 34 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін қала тұрғынының есірткі затын сатумен айналысатыны туралы мәлімет келіп түседі. Ақпаратты нақтылау мақсатында құрамына есірткімен күрес бөлімі мен криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кіретін арнайы жедел топ құрылады. 

Полиция тарапынан жүргізілген әрекеттердің арқасында ақпарат расталып, күдікті 31 жастағы қала тұрғынына аса ірі көлемде есірткі зат сатып жатқан жерінен құрыққа түседі. 

Тінту кезінде оның барсеткасынан жалпы салмағы 64,54 грамм есірткі зат “гашиш” табылып, тәркіленеді. Күдіктінің тұрғылықты жеріне жүргізілген тінту жұмыстары кезінде жедел қызмет тобымен ер адамның сарайынан қара политилен қапшыққа салынған 124 полимерге және 20 қағазға оралып, ұсақ бөліктерге бөлінген жалпы салмағы алты килограмм 901 грамм есірткі заты  табылады. Оның үш килограмм 879 грамы “гашиш”, үш килограмм 102 грамы “кептірілген  марихуана” есірткі заты болып шығады. 

Араға көп уақыт салмай полицейлер құрған торға заңсыз есірткі затын сақтаумен шұғылданған тағы бір адам түседі. Заң аясында жүргізілген тінту шаралары кезінде 41 жасар ер адамның тұрғылықты мекенінен жалпы салмағы 963 грамм “гашиш” есірткісі табылады. 

Есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталған екі ер адам да қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың есірткіні қайдан алғанын, кімдер жеткізгенін, қашаннан бері заңсыз әрекетпен айланысқандығын анықтау бағытында тергеу амалдары жүргізілуде.