15.07.2021, 03:44
Оқиғалар
Ақтөбе облысында атасы мен екі немересі жол апатына ұшырады
Оқиға салдарынан автокөлік жүргізушісі мен оның 15 жастағы немересі оқиға орнында көз жұмды
Ақтөбе облысында атасы мен екі немересі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Polisia.kz.
13 шілде күні Темір ауданының тұрғыны ВАЗ-2114 автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында облыстық маңызы бар «Покровка-Жаңажол» автожолының 30 шақырымында автокөлікпен аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі мен оның 15 жастағы немересі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал 18 жастағы немересі Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға жатқызылды.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
