Ақмола облысында құтқарушылар өзен жағасынан екі адамның киімін тауып алды, бірақ иелерін таба алмай жатыр
ТЖД жергілікті тұрғындардан көмек сұрады
13 шілдеде Целиноград ауданына қарасты Арайлы ауылының маңында Есіл өзенінің жағасынан екі адамға тиесілі киімдер мен олардың жеке заттары табылды. Алайда, құтқарушылар зат иелерінің кім екенін анықтай алмай жатыр.
Осыған байланысты облыстық ТЖД мамандары жергілікті тұрғындардан көмек сұрап отыр.
«Заттардың кімге тиесілі екенін ешкім білмейді, сол күні осы су айдынында адамдардың болғаны туралы білетін куәгерлер де жоқ. Кеше сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін сүңгуірлер суда іздеу жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ аумақты жаяу аралап шықты. Алайда, іздеу нәтижесін бермеді.
Осыған байланысты, құрметті аудан тұрғындары, сіздерге үндеу жариялаудамыз. Егер де біреу сырт киім заттарын білсе немесе біреуге демалу үшін таңдалған жер туралы хабардар болса, не болмаса біреу осы біз көрсеткен жерде шомылатын, балық аулайтын адамдарды байқаған болса, 101, 102 немесе 112 тегін телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз, кері байланысқа үміттенеміз», - дейді құтқарушылар.