14.07.2021, 10:56
Оқиғалар
Түркістан облысында жағажайда жоғалып кеткен 6 жасар бала табылды
Ол 7 шақырым жерді жалғыз өзі жаяу жүрген
Шардара су қоймасындағы «Алтын жағажай» демалыс орнында жоғалып кеткен 6 жасар баланы полицейлер тапты деп хабарлайды Түркістан облыстық Полиция департаменті.
Тәртіп сақшыларына баласының жоғалып кеткені туралы шағыммен Жетісай ауданының тұрғыны хабарласқан. Жедел іздеу жұмыстарына сол маңда жүрген учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Нұртазаев бірінші болып кірісіпті.
Жоғалған бала су жағасынан емес, Жетісайға барар тас жолдың бойынан табылды. Ойнап жүріп анасынан ажырап қалған сәби өздігімен 7 шақырым қашықтыққа алыстап кеткен. полицейлер оны аман-есен тауып, анасына тапсырды.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 08:55
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы: солтүстікте – жаңбыр, оңтүстікте – 33 градус ыстық
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)