ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Өскеменде мас күйде көлік жүргізіп, өзгелерді тексерген мемқызметкер ұсталды

Әйел адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Өскеменде ішімдік ішіп көлік жүргізген шенеунік уақытша жұмыстан шеттетіледі. Индира Қалжабаеваға қатысты қызметтік тексеріс басталып, мемлекеттік қызметкердің бұл қылығы тәртіптік кеңесте қаралмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тілі күрмеліп, «Бәке, Сәкесіне» хабарласып жалынып отырған - Индира Қалжабаева есімді әкімдік қызметкері. 54 жастағы шенеунік халықты вакциналауға арналған автобусты тексеруге келген көрінеді. Алайда мас күйінде көлік жүргізіп дөрекі сөйлеген оны тұрғындар байқап қалып, полиция шақыртқан. Алғашында тәртіп сақшыларына бой бермеген шенеуніктің сараптама барысында орта дәрежеде мас болғаны анықталды. Сондықтан қызметкердің көлігі айып тұрағына қойылып, жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Сот аталған азамтты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - деді судья Нұргүл Бепеева.