$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2021, 11:43
Оқиғалар

Ресейлік депутатпен дебатқа шыққан Мұрат Мұхамеджанов қамауға алынды

Жуырда оның Ақтөбе қаласындағы жауынгерлерге арналған ескерткіштен Елтаңба белгісін жұлып алған видеосы тараған еді

Қазақстан жеріне қатысты Ресейлік депутат Федоровпен пікірсайыс өткізген запастағы подполковник Мұрат Мұхамеджанов қамауға алынды. Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жуырда Мұрат Мұхамеджановтың Ақтөбе қаласында Шекарашылар саябағындағы жауынгерлерге арналған ескерткішті сынға алған видеосы тарады. Бейнежазбада Ардагерлер одағының төрағасы қаза тапқан әскери қызметшілердің құрметіне ашылған монументтен Елтаңба белгісін жұлып алып, мемлекеттік рәмізден жұлдызшаны алып тастау керектігін айтқан. Алайда, оның бұл әрекеті заңбұзушылық болғандықтан, көп ұзамай тәртіп сақшылары Мұрат Мұхамеджановты қамауға алғаны белгілі болды.

«27 мамырда азамат Мұрат Мұхамеджанов Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов көшесіндегі шекарашылар саябағында қаза тапқан әскери қызметшілердің ескерткіштерін қорлай отырып, монументтен Елтаңба белгісін жұлып алды. Бұл монумент Отанды қорғаған барлық ұрпақтың шекара жауынгерлерінің ерлігінің мәңгі ескерткіші және мемлекеттік шекараның қасиеттілігі мен қол сұғылмаушылығының символы болып табылады», - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Ардагерлер одағының төрағасын ұстау барысында ол полиция қызметкерлеріне еш қарсылық көрсетпеген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұхамеджановтың әкімшілік жауапкершілікке тартылуы оның қоғамдық-саяси қызметіне байланысты емес.

«Аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін учаскелік полиция инспекторлары Мұрат Мұхамеджановты қалалық полиция бөліміне жеткізді, онда ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Арнайы күштердің қатысуымен ешқандай ұстау болған жоқ. 

Мұхамеджанов полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен жоқ. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Мұрат Мұхамеджанов ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары