$ 526.11  542.31  4.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2021, 16:35
Оқиғалар

Павлодарда балалардың терезеден құлау жағдайы жиілеп кеткен

Жыл басынан бері өңірде 4 бала терезеден құлап кетті, оның екеуі көз жұмды

Павлодарда балалардың терезеден құлау жағдайы жиілеп кеткен
Көрнекі сурет: usdialog.ru

Полиция қызметкерлері ата-аналардан қайғылы жағдайдың алдын алу үшін балалардың қауіпсіздігіне назар аударуды сұрайды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы көпқабатты үйлердің терезелерінен 4 бала құлап түскен. Өкінішке қарай, олардың екеуі қаза тапқан. 

«Терезеден құлау – жылдың жылы мезгілінде балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі. Әсіресе 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті. Балаларыңыздың қауіпсіздігі мен қайда жүргенін қадағалаңыз. Олардың қауіпсіздігі тек сіздерге байланысты», - деп атап өтті Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Данияр Бек.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін полицейлер келесідейі кеңес береді:

- егер үйде бала болса, ешқашан терезелерді ашық ұстамаңыз.
- бала көтеріле алмайтындай етіп жиһазды терезелерден алыстатыңыз.  
- ешқашан москит торларына үміт артпаңыз, олар құлаудан қорғауға арналмаған.
- мүмкіндігінше терезелерді жоғарыдан ашыңыз.
- бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге блокираторлар орнатыңыз.
- терезе торларын орнатыңыз.

Серіктес жаңалықтары