12.07.2021, 09:52
Оқиғалар
«Ішерге су жоқ»: Алматы облысында тұрғындар билікке наразылық ретінде жолды жауып тастады
Оқиға Бесағаш ауылында болған
Алматы іргесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде тұратын халық Алматы – Талғар тас жолын жауып тастады. Тұрғындардың мұндай қадамға баруына ауыз судың болмауы себеп.
Оқиға 11 шілдеде түнгі сағат 23:00-де басталған. «Нүрия» тұрғын үй кешенінің жүздеген тұрғыны тас жолға шығып, ондағы қозғалысты мүлдем тоқтатқан. Оқиға орнында түсірілген видеокадрлар әлеуметтік желілерде тез тарады.
Тұрғындармен кездесуге аудандық әкімдіктен шенділер келген. Олар судың жоқтығы – құбырдың төрт рет тесілуінен деп түсіндірді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталып, су беру қалпына келтірілді деп ант-су ішті олар.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:26
«Бейіт басында жалғыз қалды»: Сәкен Майғазиевтің анасын жерлегеннен кейінгі халі жұртты жылатты (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды