$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2021, 15:24
Оқиғалар

Оралда егде жастағы ер адамды пойыз қағып кетті

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Оралда егде жастағы ер адамды пойыз қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.

11 шілде күні таңғы сағат 8.00 шамасында Депо көпірі астында 80 жастағы ер адам пойыз астына түсіп қалған.  

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз мәліметіне сүйенсек, жедел жәрдем көлігі шақырту түскен соң төрт минуттан кейін жеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша ер адам жабық ми жарақатын алған, миы шайқалған. Оң аяғы кесілген, сол жақ жіліншігі сынған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Көліктегі полиция департаментінің ақпаратынша, аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің «Теміржол транспорты қозғалысының қауіпсіздік ережесін бұзу» бабы бойынша Орал станциясы полициясының желілік бөлімінің тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары