$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2021, 10:12
Оқиғалар

Қызылордада 5 күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр

6 шілде күні үйінен шығып кеткен 17 жастағы​ қыз қайтып оралмаған

Қызылордада 5 күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр

Қызылорда қаласында 5 күн бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7 шілде күні таңғы сағат 9:00 шамасында Қызылорда қаласы Амангелді көшесінің тұрғыны кәмелетке толмаған, яғни 2004 жылдың 4 мамырында туған қызы Мингатаева Азалия Рустамқызының жоғалғаны туралы арыз түсірген.

«Ата-анасының айтуынша, 17 жастағы​ жасөспірім 6 шілде күні күндізгі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Полиция өкілдері жоғалған жасөспірім​ туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда​ Қызылорда облысы Полиция департаментіне,​ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуды сұрайды.

Жасөспірімнің ерекше белгілері: Бойы 160-165 см, арық денелі, шашы қара түсті. Киген киімі: қызыл түсті футболка мен белдемше, ақ кроссовка. Байланыс нөмірлері:​ 8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07​ және 102 арнасы.

Серіктес жаңалықтары