ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Павлодарда пәтерден өрт шығып, әйел адам ауруханаға түсті

Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам және 5 техника жұмыс істеді

Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Болжам бойынша, өрттің шығуына темекі шегу себеп болған, деп хабарлайы Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 шілде күні сағат 20.24-те Назарбаев даңғылы, 19 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.

Шақыру орнына келген газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамындағы барлау барысында № 4 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Елнұр Рымбеков пен № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Марлен Абенов залдан 1972 жылы туған пәтердің иесін баспалдақ маршы арқылы көтеріп алып шықты.

«Әйел адамды апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Олар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Павлодар қаласының № 1 ауруханасына жатқызды. Бір бөлмелі пәтерде диван, үй заттары жалпы алаңы 6 шаршы метр жанды. Тілсіз жау сағат 20.40-та сөндірілді», - деді департамент өкілдері.

Өрт сөндірушілердің батыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға  жол берілмеді.

Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам және 5 техника, апаттар медицина орталығы, «102», «103» қызметтері жұмыс істеді.