11.07.2021, 11:48
Оқиғалар
Шымкент – Алматы бағытындағы ұшақта 9 жасар бала көз жұмды
Қайғылы оқиға 9 шілде күні болған
Фото: ашық дереккөзден
Шымкент – Алматы бағытындағы ұшақта 9 жасар бала көз жұмды. Air Astanа әуе компаниясының баспасөз мәліметінше, қайғылы оқиға 9 шілде күні болған.
Белгілі болғандай, ақ қан дертіне шалдыққан балаға бұған дейін ауыр ота жасалған екен. КС 972 рейсіне отырар сәтте бала өзін нашар сезінгенгендіктен, оны экипаж оттегі аппаратына қосқан.
Бала аппараттың көмегімен 30 минут тыныстап жатқан, алайда артынша тынысы тарылып, көгере бастаған. Ал ұшақ төмендеген кезде есінен танып қалған.
«Әуежайға қонған кезде балаға жүрек-өкпе реанимациясы жасалып, дефибриллятор қолданылды және дереу дәрігерлердің қолына тапсырылды. Өкінішке қарай, оны құтқарып қалу мүмкін болмады», - делінген Аir Astana хабарламасында.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:26
«Бейіт басында жалғыз қалды»: Сәкен Майғазиевтің анасын жерлегеннен кейінгі халі жұртты жылатты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды