Ақтауда мас тұрғын аурухананың терезесін сындырды
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Маңғыстау полицейлері бұзақыларды құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 29 маусымында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны мас күйде Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінің терезесін сындырды.
Аталған факті Ақтау қаласы Полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, Мұнайлы аудандық Полиция бөлімімен белгісіз адамның дене жарақатын салу фактісімен 2021 жылғы 1 шілдеде Батыр ауылының тұрғынынан түскен арыз бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 26 жастағы К. есімді азамат ұсталды. Тергеу әрекеттерінің өзге ақпараттары жария етілмейді.
Аталған қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жалғасуда және кінәлілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім олардың нәтижелері бойынша қабылданады.