Сайлау:Ақмола облысында сайлаушылардың 59% дауыс берді

Алматыда тауда жоғалып кеткен қыз табылды: оның жағдайы ауыр

Әлияны таудан түсіру үшін тікұшақ жіберіледі

Фото ашық дереккөзден

Алматы тауында жоғалып кеткен турист табылды. Дегенмен, Әлия Камиеваның жағдайын мамандар өте ауыр деп бағалап отыр. Турист қызды таудан түсіру үшін тікұшақ жіберіледі деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 шілде күні сағат 10:56 минутта Алматы қаласы ТЖ департаментіне РЖҚЖ-дан Үлкен Алматы көлі аумағында хабарсыз кеткен Әлия Камиеваның табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның жағдайы ауыр деп бағаланады, зардап шегушіні тасымалдау және ауруханаға жатқызу қажет. Департамент ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағының ұшуын ұйымдастырды», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары, кинологиялық есептер, «109» құтқару қызметі мен 75 ерікті жұмылдырылған.