ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда көп қабатты элиталы тұрғын үй өртенді

Аталған кешен бұған дейін де бірнеше рет өртенген болатын

Өрт «Бұқар жырау тауэрс» тұрғын үй кешенінен шыққан. Элиталы тұрғын үй кешеніндегі адамдар түгел қауіпсіз жерге шығарылған. ТЖД ақпаратынша 13 қабаттағы пәтер жанып кеткен.

«7 шілдеде өрт сөндірушілер Бостандық ауданы, Бұхар жырау көшесі, 27/5-ге мекен-жайына шақыртуға шықты. Сағат 12:43-те келген бойда биік қабатты тұрғын үйдің 13-қабатындағы пәтерден түтін шығып жатқанын көріп, өртті сөндіруге кірісті. Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары барлау жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялау жүргізілді, өрт ошағына өрт оқпандары беріліп, өрт автосаты орналастырылды», - делінген Алматы қалалық ТЖД шұғыл таратқан ақпаратында.

Эвакуация жолында адамдарды құтқару кезiнде таза ауа жiберу үшiн АД-120 түтiн жоюшы автокөлiгi де жеткізілген.

Өрт 13:45 те толығымен жойылды. Өрт шыққан үйден 45 адам құтқарылған. Олардың 15-і бала. Құтқару жұмыстары кезінде 90 метрлік өрт автокөтергіші, 37 метрлік өрт автосатысы қолданылды.

Тегтер: