$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2021, 10:53
Оқиғалар

Ресейде ұшақ апатынан қайтыс болғандардың денесі табылды

Олардың нақты саны әзірге белгісіз

Ресейде ұшақ апатынан қайтыс болғандардың денесі табылды

Камчаткадағы ұшақ апатынан қайтыс болған адамдардың денесі табылды. Сүңгуірлер бірнеше мәйітті судан алып шықты. Олардың саны нақты саны әзірге белгісіз, деп хабарлады Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін РИА Новости Ан-26 ұшақ апатынан қайтыс болған алты адамның денесі табылғанын хабарлаған еді. Кейінірек Камчатка авиациялық кәсіпорны директорының орынбасары Сергей Горб үш адамның мәйіті табылғанын, олардың кім екені әлі анықталмағанын жеткізді.

«Құтқарушылармен қатар басқа да бригадалар жұмыс істеп жатыр. Мәйіттер әлі танылған жоқ. Ауа райының бұзылуы жағдайды ушықтырып отыр. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін апат орнына компанияның тікұшағын жібере алмай отырмыз. Әзірге әуе көлігі Палана ауылында», - деді ол.

Сейсенбі күні Петропавловск-Камчатский қаласынан әуеге көтерілген ұшақ Палана ауылынан тоғыз шақырым жерге қонбақ болып, құлаған. Әлеуметтік желілерде әуе көлігінің қалдықтары теңіз жағасындағы тау шатқалында шашылып жатқаны түсірілген  бейнежазбалар тарады. Бортта 28 адам болған. Алты экипаж мүшесі және 22 жолаушы, оның ішінде балалар да бар. Алдын-ала таратылған мәліметтер бойынша, олардың барлығы қайтыс болған.

Камчаткада ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты аза тұту күні жарияланды.

Тергеу апаттың болуы себебінің бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр: қолайсыз ауа-райы, ұшақтағы техникалық ақау немесе әуе көлігін дұрыс басқармау.

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті қауіпсіздік ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғады.  Тергеу амалдары жүргізілуде. Әуе апатында қаза тапқан адамдардың туыстарының әрқайсысына сақтандыру компаниясынан 2 миллион рубльден, ал әуежайдан тағы 1 миллион рубльден төлем  жасалады.

Эльмира Мәмбетқызы

Серіктес жаңалықтары