Сайлау:Ақмола облысында сайлаушылардың 59% дауыс берді

Қазақстанда тұратын туыстарына қонаққа келген әйел екі баласымен суға кетіп көз жұмды

Трагедия 4 шілде күні Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында болды

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында 36 жастағы әйел мен оның екі ұлы суға батып кетті. Трагедия 4 шілде Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

"Мой город" порталының жазуынша, әйел үш баласымен бірге Ресейдің Анапа қаласынан күйеуінің туыстарына қонаққа келген.

"Олар жағаны бекіту жұмыстары жүріп жатқан маңда суға кетті. Ол жердің тереңдігі – алты метр. Судан екі бала мен олардың анасының денесі шығарылды. Анасы киімшең, балалардың үстінде киім болған жоқ. Өзен жағасында балалар самокаты тұр. Олардың қалай батып кеткенін ешкім көрген жоқ. Балалар шомылып жүріп суға бата бастағанда, анасы құтқаруға тырысқан шығар", - деді Жарсуат ауылының тұрғыны.

Әйелдің артында екі жасар баласы қалды. Қазір сәбиге атасы мен әжесі қарап жатыр.