$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.07.2021, 20:17
Оқиғалар

Атырау облысында үйде газ жарылып, бір әйел қаза тапты

Тағы бір баланың денесін күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр

Атырау облысында үйде газ жарылып, бір әйел қаза тапты

Атырау облысында тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, бір әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мой город порталына сілтеме жасап. 

Өрт 2 шілде күні сағат 20:30-да Тасқала кентінде болған. 

"Газ-ауа қоспасының жиналуы салдарынан ас үйде газ жарылып, үйдің шатыры өртенген. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД жеке құрамының 12 адамы мен үш техника жұмылдырылды", - делінген облыстың ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Төтенше жағдай салдарынан 49 жастағы әйел көз жұмып, 12 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның денесінің 85 пайызын күйік шалған бала, өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Өрттің алдын ала себебі – газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Мамандардың айтуынша, үй иелері плитаны орнатқан кезде газ қызметінің мамандарын шақырмай, газ құбырларын өз бетінше қосқан.
 

Серіктес жаңалықтары