$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.07.2021, 16:46
Оқиғалар

Теміртауда жасөспірімді балабақшаның металл қоршауы басып қалды

Бала қазір клиникада ауыр халде жатыр

Теміртауда жасөспірімді балабақшаның металл қоршауы басып қалды

Теміртауда 13 жастағы жасөспірімге балабақшаның металл қоршауы құлап кетті. Зардап шеккен баланың бас сүйегі сынған және ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға 1 шілдеде Теміртаудың 8-ші шағын ауданында, «Таңшолпан» балабақшасы маңында болған. Металл қоршау құлаған кезде жасөпірім сол жерде жүрген. Баланың анасы әлеуметтік желілерде оқиға қалай болғанын айтып берді.

«Үлкен баламмен жазатайым жағдай болды. Оған «Таңшолпан» балабақшасының қоршауы құлап кетті. Құрметті ата-ана, мекемеге баратын балаларыңызға сақ болыңыз. Қоршау бекітілмеген. Балам қазір Мақажанов атындағы клиникада жатыр, оның бас сүйегінің желке бөлігі сынған, ми жарақатын алған, ішінара амнезия бар. Ол ауыр халде жатыр. Ешкімді кіргізбейді», - деді зардап шеккен баланың анасы Екатерина жазбада.

Әйел бұл оқиғаға мектепке дейінгі мекеме қоршауын жөндейтін мердігер кінәлі екеніне сенімді. Оны жазалауды талап етіп отыр.

Теміртау әкімдігі өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді. Ведомство мәліметі бойынша, қазіргі уақытта мердігер ұйым «Құрылыс консалтинг ұлттық орталығы» АҚ-ға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Теміртау полиция басқармасындағылар жазатайым оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін айтты. Тергеу ҚР ҚК-ның 277-бабы 1-бөлігі «Тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары