$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.07.2021, 12:48
Оқиғалар

«Ауа райы кінәлі»: Алматы-Қорғас тас жолының бүлінуіне қатысты «ҚазАвтоЖол» жауап берді

Ұлттық компания өкілдері жүргізушілерден кешірім сұрады

Алматы-Қорғас тас жолының 82-ші шақырымында бетон плиталары көтеріліп кетіп, трасса айтарлықтай бүлінген. Автожүргізушілер аталған жайтты видеоға түсіріп, бірнеше көліктің зақымданғанын мәлімдеді. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы болса бар кінәні ауар райына, яғни күннің қатты ысуына артып отыр.

Компания қазіргі таңда жолдың жөнделгенін, жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін жол белгілері мен полицияның патрульді машинасы күзетке қойылғанын айтты.

«2 шілдеде Алматы-Қорғас ақылы тас жолының 86-шақырымында бетон плиталарының тік жылжуы болды. Оған басты себеп – күннің қатты ысуы. Қазіргі таңда жолдың осы бөлігі шұғыл жөнделіп, жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», - делінген компания таратқан ақпаратта.

«ҚазАвтоЖол» өкілдері жүргізушілерден кешірім сұрап, болған жайт туралы дер кезінде ақпарат бергені үшін алғыс білдірді. Ал, әлеуметтік желіде тараған видео авторы жолдың бұзылуы салдарынан бірнеше көлікке зақым келгенін айтты.

Серіктес жаңалықтары