$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.12.2019, 02:53
Оқиғалар

Алматыда апатты жағдайдағы тұрғын үй бойынша арнайы штаб құрылды

Зерделідегі тоғызқабатты үй қауіп тудырған соң шұғыл түрде арнайы штаб құрылды

Алматыда апатты жағдайдағы тұрғын үй бойынша арнайы штаб құрылды

Зерделідегі тоғызқабатты үй қауіп тудырған соң шұғыл түрде сол маңда арнайы штаб құрылды. Бұл туралы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев мәлімдеді, деп жазады «24 kz».

Штаб таңғы 09:00-ден кешкі 08:00-ге дейін жұмыс істейді. Оның айтуынша, тұрғындардың өздері қалаған жерден пәтер жалдауына болады. Тек келісімшартты көрсетулері тиіс. Әзірге келісімшартты үш айға жасауға рұқсат берілген.

«Осы үйдің сараптама қорытындысы шыққанға дейін сіздерді қалалық әкімшілік осы штаб арқылы басқа жерге көшіруге дайын. Бізге 54 пәтер иесінің келісімшартын алып келді. Енді қалған 18-і бүгін-ертең алып келетін шығар. Алып келмесе де, біз оларға көмек беруге дайынбыз», - деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев.

Серіктес жаңалықтары