ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Павлодар-Екібастұз автожолында шағын автобус жанып кетті

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ

Павлодар-Екібастұз автожолында шағын автобус жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, апат туралы хабар 27 маусым күні сағат 14:25-те келіп түскен.

«Ақсу ауылдық аймағында, Павлодар-Екібастұз автожолының Төртқұдық пен Пограничник ауылдарының аралығында жүк және жолаушылар тасымалдауға арнадған Газель автомобилі толық жанып кетті. Көлік 10 шаршы метр аумақта жанған. Өрт сөндірушілер келгенше көлік иесі жалынның бетін қайтарған. Өрт сағат 15:30-да толығымен сөндірілді», - деді департаменттегілер.

Апаттың шығу себебі мен шығыны анықталуда. Оқиға орнына 1 техника мен жеке құрамның 3 адамы жұмылдырылды.