$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2021, 09:52
Оқиғалар

Оралда автобус ішінде басталған жанжалдың соңы төбелеспен аяқталды

Төбелес шығарғандарды ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр

Оралда автобус ішінде басталған жанжалдың соңы төбелеспен аяқталды
скриншот: видео

Ресми мәлімет бойынша, 27 маусым күні екі ер адам автобустың ішінде сөзге келіп қалған. Сосын екеуі аялдамада түсіп, төбелескен. Әлеуметтік желіде тараған видеода тәртіп сақшыларының бес адамды ұстап жатқанын байқауға болады.

«Автобустың ішінде жанжал шыққан. Арты төбелеске ұласқан. Абай аудандық полиция бөліміне бес адам жеткізілді. Екеуі мас болған. Оларды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырды», - дейді БҚО Полиция департаментіндегілер.

Төбелес шығарғандарды ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр.

Кейінірек Полиция департаментіндегілер төбелеске 5 адам емес, екі адам қатысқанын мәлімдеді. Олардың бірі 23 жаста, бірі 38 жаста. Айтуынша, олар бір-бірін таниды.

Серіктес жаңалықтары