28.06.2021, 11:26
Оқиғалар
Павлодарда мотоцикл жүргізушісі жол апатына ұшырады
Тексеріс жүріп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда мотоцикл жүргізушісі жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 маусым күні сағат 21.00-де Павлодар қаласындағы "Строитель" бақшасының, Лимонная көшесіндегі 18-ші үйге қарама-қарсы бағытта "Ниссан Цефиро" автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жол бермей, 1988 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы "BMW R1200" мотоциклімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіледі», - деді полиция департаментіндегілер.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды