$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2021, 08:44
Оқиғалар

Алматы облысында қараусыз жүрген жылқы көлікке соғылып өлді

Айғыр көліктің алдыңғы әйнегін сындырып, басы салонға кіріп кеткен  

Алматы облысында қараусыз жүрген жылқы көлікке соғылып өлді

Алматы облысында зулаған көлікке соғылған жылқы сеспей қатты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Алматы облысында жол апатына себепкер болған жылқының иесі айыппұл арқалады. Тас жолдың бойында бейберекет жүрген жануар жеңіл көлікке соғылған.

Енді малдың иесі 15 мың теңге айыппұл төлеп, зақымдалған көлікті жөндеуге міндеттелуі де мүмкін. 

Оқыс оқиға Көлсайға баратын жолдағы Саты ауылында болған. Зулап келе жатқан көлікке қос тұяғын сермей атылған Қамбар ата түлігі сол жерде сеспей қатты. Ал жүргізуші дін аман.

Әлеуметтік желіге таралған видеода айғыр көліктің алдынғы әйнегін сындырып, басы салонға кіріп кеткен. Жылқының денесі «Аудидің» төбесіне шығып кеткен. Соның салдарынан машинаның алдыңғы бөлігі қатты зақымданған. Жүргізуші жылқы кенет жолға ытқып шыққандықтан тежегішті дер кезінде басып үлгермеген.  

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жол апаты #жылқы