23.06.2021, 23:57
Оқиғалар
Жарық бағанына шыққан: Ақтауда 8 жастағы бала тоқ соғып мерт болды
Қайғылы оқиға 23 маусым күні кешкі сағат 22.00 шамасында болған
Фото: lada.kz
Ақтауда сегіз жастағы бала тоқ соғып қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 маусым күні кешкі сағат 22.00 шамасында Ақтау қаласындағы 5 шағынауданда, «Волна» базары мен №7 мектеп-лицей арасында болған.
«Оқу ғимаратының қоршауына жарық бағаны орнатылған. Куәгерлердің айтуынша, бала сол бағанды ұстаған сәтте тоқ соққан. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады