Ақтөбеде есірткіге мас күйде көлік жүргізген жүргізушілер анықталды

Қазіргі уақытта оларға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ақтөбеде есірткіге мас күйде көлік жүргізген жүргізушілер анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбелік полицейлер бір күнде есірткінің әсерінен мас күйде жүрген екі жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 19 маусымда қаладағы Ш.Қалдаяқов көшесіндегі патрульдік полиция қызметкерлері 26 жастағы банктердің бірінің менеджерінің басқаруындағы Daewo Nexia автокөлігін тоқтатқан. Оның бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды, сондай-ақ «каннабиоид» пайдаланып, мас күйде көлік басқарған.

«Сол күні Бөкенбай батыр көшесіндегі «Дастан» қонақүйіне қарама-қарсы бетте полиция қызметкерлері 38 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ВАЗ-21140» автокөлігін тоқтатты, ол да бұрын көлік құралын басқару құқығынан айрылған, сонымен қатар, автокөлікті есірткі салдарынан масаң күйде көлік басқарып жүрген», - делінген ПД хабарламасында.

Екі факт бойынша да ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі «КҚ басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның КҚ басқаруы» бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.