$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2021, 12:22
Оқиғалар

ШҚО полицейлері жезөкше ұстайтын үш притонды анықтады

Күдіктілер 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

ШҚО полицейлері жезөкше ұстайтын үш притонды анықтады
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО полицейлері жезөкше ұстайтын үш притонды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Осы жылдың 16-18 маусым аралығында облыс аумағында полиция қызметкерлері «Stop-трафик» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, ол жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру фактілерінің жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтауға және оларды орталықтандырылған есепке қоюға бағытталған.  

Тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, жалға берілетін пәтерлерді мен қонақ үйлерді тексерді. Жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстаудың 3 фактісі анықталды, олар бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 1 фактісі анықталды, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 28 адам тартылды (қоғамдық орындарда тиісу үшін), профилактикалық есепке 7 адам қойылды. 

Серіктес жаңалықтары