21.06.2021, 10:12
Оқиғалар
Павлодар облысында зейнеткер мотоциклмен аударылып қалды
66 жастағы жүргізуші ауруханада жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Шарбақты ауданында зейнеткер мотоциклмен аударылып қалды. Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс жайт 18 маусым күні сағат 02.00-де Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының маңында орын алған.
«Дала аймағында 66 жастағы «Яки» мотоциклінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай және рульді басқара алмай, аударылып кеткен», - деді Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
