$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.06.2021, 17:25
Оқиғалар

Ақтөбе облысында адам саудасы дерегі анықталды

Өңірде 16-18 маусым аралығында «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасы өткізілді

 
Ақтөбе облысында адам саудасы дерегі анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасы барысында Ақтөбеде адам саудасымен қатар, жеңгетеайлық қызмет ету деректері анықталды, деп хабарлады облыстық  Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Адам саудасы, жеңгетайлық, адам ұрлау және жұмысқа заңсыз тарту деректерін анықтау мақсатында өңірде 16-18 маусым аралығында «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасы өткізілді.

«Жедел алдын алу шарасы  барысында адам саудасының, жезөкшелікпен айналысуға тартудың – 1, қоғамдық орындарда тиісудің – 47, жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жай берудің 1 дерегі анықталды», - делінген хабарламада.

Аталған шара нәтижесінде 2 жеңгетай және 10 жезөкше анықталып, есепке қойылды.

 
Серіктес жаңалықтары