Шымкентте жоғалған бір үйдің екі баласы аман-есен табылды
Іздестіру жұмыстарына Ұлттық ұлан әскерінің сарбаздары да атсалысты
Бүгін таңғы сағат 8:00-де Абай ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында 13 және 10 жастағы ұлдары үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен.
Жоғалған балаларды іздестіруге Шымкент қалалық Полиция департаменттің жеке құрамы түгел жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстарына Ұлттық ұлан әскерінің сарбаздары да атсалысты.
Нәтижесінде сағат 13:00-да жоғалған балалар Ынтымақ шағынауданы аумағынан аман-есен табылып, отбасына жеткізілді.
Еске салайық, Абай ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, ұлдары Жаңабек Ернұр Нұржанұлы (13 жаста) мен Сейдалиев Еділ Нұржанұлының (10 жаста) үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін айтқан.