Тараздағы әйелдер төбелесі: 33 жастағы екі әйел ұсталды
Дәмхана иесі жауапқа тартылды
Тараз қаласындағы дәмханада жазғы алаңында әйелдер төбелесіп, осы оқиғаға байланысты дәмхана иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.
Дәмханада отырған екі әйел тағы екі тұрғынға жабылып, соққыға жыққан. Сосын оқиға орнынан қашып кеткен. Әлеуметтік желіде бұл оқиғаға қатысты видео тарады.
Жедел іздестіру шаралары барысында 33 жастағы екі әйел ұсталып, екеуі де өз кінәсін мойындады. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-тармағы (Бұзақылық, адамдар тобы жасаған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дәмхана иесіне қатысты ҚР Әкімішілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, барлық материал санитарлық эпидемиологиялық қызметіне тапсырылды.