ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Алматылық алаяқ жоқ шамдарды сатып 25 миллион теңге тапқан

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматылық алаяқ жоқ шамдарды сатып 25 миллион теңге тапқан, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ер адам польша шамдарын сататыны туралы жарнамаларды орналастырған. Тұтынушылардан алдын-ала төлем алып, өзінің қызметі үшін де ақша алған. 

"Жергілікті тұрғын полицияға люстраны да ақшаны да ала алмайтынын түсінген кезде жүгінген. Көтерме сатушы алаяққа 25 миллион 740 мың теңге төлеген. Күдікті 64 жастағы П.есімді ер адам өзінің жасаған ісін мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі бойынша тергелуде. Тергеушілер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда", – деді Әуезов АПБ-ның бастығы Ұлан Әбілхайыр. 

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірақ полиция алданған адамдар бұдан да көп болуы мүмкін екеніне сенімді.

"Күдіктіні таныған немесе оның әрекетінен зардап шеккендердің барлығын мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-747-369-32-32; 298-53-00 және 298-53-05. Біз тағы да азаматтарды кез-келген тауарға немесе қызметке уәде беретін бейтаныс адамдарға сенбеуге, белгісіз абоненттерге ақша аудармауға, қызмет ақысын тексерусіз төлемеуге шақырамыз", – деді Әбілхайыр.