16.06.2021, 15:36
Оқиғалар
БҚО-да жол апатынан зардап шеккен 4 адам жансақтау бөліміне түсті
Соқтығысқан автокөліктерде 8 адам болған
фото: БҚО полиция департаменті
16 маусым шамамен сағат 13:13-те Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының 27-шақырымында жол апаты болып, 4 адам жансақтау бөліміне түсті.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ВАЗ-21103 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі қиылыста бұрылу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 1984 жылғы жүргізуші айдап бара жатқан Volkswagen Sharan автокөлігімен соқтығысуға жол берген.
Соқтығысқан автокөліктерде 8 адам болған, соның екеуі – кәмелетке толмағандар.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты