Петропавлда жоғалған баланың шешесі ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін
24 жастағы келіншек полиция басқармасына жеткізілді
Петропавлда көше кезіп жүрген баланың анасы табылды. Ол ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Полицейлер Жұмысшы кентінде табылған баланың анасын анықтады. 24 жастағы келіншек полиция басқармасына жеткізілді. Анықталғандай, әйел екі күн бойы досының үйінде болған. Оны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жинады.
«Бала ювеналды полиция бөлімшесіне профилактикалық есепке қойылды. Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында ата - ана құқықтарынан айыру туралы мәселе қаралады», - деп атап өтті Ювеналды полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.
Еске сала кетейік, бала 14 маусымда Жұмысшы кентінде табылған еді. Қазір 2 жасар сәби облыстық балалар ауруханасында жатыр.